Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрі бірнеше полицейді лауазымды қызметке тағайындады

Опубликовано:

ІІМ жиыны
ІІМ-да өткен арнайы жиын. Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлердің кандидаты қаралды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы жиында қатысушылар кандидаттардың жетістіктеріне тоқталып, олардың біліктіліктері мен кәсіби шеберліктерін талқылаған.

Ведомство басшысы кандидаттардың әрқайсысымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салған. Сондай-ақ әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірген.

Осылайша, Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

  • Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;
  • Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;
  • Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің "Есіл" аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;
  • Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің "Байқоңыр" аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.

Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізіліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969805-iski-ister-ministri-birnese-policeidi-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndady/

pixel