Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жапаровпен Қырғызстанға жоспарланған ресми сапарын талқылады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қырғызстан президенті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және Қазақстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің даму перспективалары талқыланды. Осы ретте Қазақстан президентінің Қырғызстанға жоспарланған ресми сапарына ерекше назар аударылды.

Президенттер алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969925-qyrgyzstan-prezidenti-toqaevty-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel