Қазақстан мен Ресейдің премьер-министрлері телефон арқылы сөйлесті
Опубликовано:

Бүгін, 18 мамырда, Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Әңгімелесу барысында үкімет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны және өңірлік өзара іс-қимылды арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Әлихан Смайылов пен Михаил Мишустин өзара қызығушылық тудыратын негізгі экономикалық салалар бойынша стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969958-qazaqstan-men-reseidin-premer-ministrleri-telefon-arqyly-soilesti/