Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Бас прокуратура құқық қорғау органдарының қиялынан туған қылмыстық істерді дереу тоқтатуы керек

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада отандық бизнес өкілдерімен өткен кездесуде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қиялынан туған қылмыстық істер тоқтатылуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент Бас прокуратураға кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау әсіресе тергеу әрекеттерін заңсыз жүргізу фактілеріне жол бермеу үшін қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

"Бас прокуратура мұндай істерді 2021 жылдан бастап қарауы керек. Бұдан басқа, кәсіпкерлерді қылмыстық қудалаудың орындылығын анықтау үшін істерді тұрақты түрде талдау қажет. Ақпарат тоқсан сайын Әкімшілікке енгізіліп отыруы керек.

Әрине, Бас прокуратура құқық қорғау органдарының қиялынан туған қылмыстық істерді дереу тоқтатуы керек.

Күш құрылымдарындағы қызметкерлер бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттің саясатына халықтың сенімі азаюына жол берген жағдайда, олардың басшыларына қатысты жауапкершілікті арттыру шараларын айқындау маңызды.

Бас прокуратурадан жоғарғы сотпен және үкіметпен бірлесіп, заңнамаға енгізілуге тиіс нақты түзетулер пакетін дайындауды сұраймын. Президент әкімшілігі бұл мәселені бақылауға алсын", - дейді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970144-toqaev-bas-prokuratura-quqyq-qorgau-organdarynyn-qiyalynan-tugan-qylmystyq-isterdi-dereu-toqtatuy-kerek/

pixel