Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: "Майшелпек орындар" мен жайлы қызметтерді үлестіруге жол берілмейді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада отандық бизнес өкілдерімен өткен кездесуде жайлы қызметтерді үлестіруге жол берілмейтінін баса айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, еліміздің келешегі экономиканың мықты болуына байланысты және кәсіпкерлер мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек.

"Жалпы, жұмысты дұрыс жүргізу үшін мемлекеттік органдардың есебі жеткіліксіз. Елімізде және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы сіздердің пікірлеріңізді білу аса маңызды. Мен, ең алдымен, бір мәселені нақты айтқым келеді.

"Ойын ережесі" әділ әрі бәріне бірдей болатын ашық экономика саясаты жалғаса береді. Бұл – менің берік ұстанымым. "Майшелпек орындар" мен жайлы қызметтерді үлестіруге жол берілмейді", – деді президент.

Еске сала кетсек, бұған дейін аталған кездесуде Тоқаев құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қиялынан туған қылмыстық істер тоқтатылуы тиіс екенін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970154-prezident-maiselpek-oryndar-men-zaily-qyzmetterdi-ulestiruge-zol-berilmeidi/

pixel