Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент үкіметке бизнестің жер алуы үшін автоматтандырылған жүйені құруды тапсырды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен өткен кездесуде бизнесті қорғау тетіктерін күшейту мәселесінен бөлек тартымды инвестициялық климат қалыптастыруды маңызды деп санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.

Оның пікірінше, жаһандық тұрақсыздық және белгісіздік жағдайында ішкі және сыртқы сын-тегеуріндер күшейген тұста мемлекеттің рөлі арта түседі.   

"Мықты әрі орнықты нарықтық экономика құру үшін бәсекеге жол бермейтін факторларды анықтап, оларды жою жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізу қажет. Мұндай сын-қатердің астарында мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың тиімсіз рәсімдері мен оларды айқындау мәселесі жатыр. Бұл салық жеңілдіктеріне, жер телімдерін бөлуге, мемлекеттік сатып алуларға және жалпы әкімшілік реттеу жұмыстарына қатысты болып отыр", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің жел телімдеріне қол жеткізу жүйесі мен рәсімдерінің тиімділігін сынға алып, үкіметке осы мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Оның айтуынша, жобаның тиімді іске асырылуы жер телімдерін алуға өтініштерді беру және қарастырудың автоматтандырылған тетігін жедел енгізуге мүмкіндік береді. Президент бұл жүйені осы жылдың соңына дейін іске қосуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970161-prezident-ukimetke-biznestin-zer-aluy-usin-avtomattandyrylgan-zuieni-qurudy-tapsyrdy/

pixel