Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі президентке есеп берді

Опубликовано:

Серікқали Брекешев президент қабылдауында
Серікқали Брекешев президент қабылдауында. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Серікқали Брекешев президентке министрліктің биылғы бірінші тоқсанда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде есеп берді.

Атап айтқанда, министр еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Оның айтуынша, жаңа Экологиялық кодекстің нормаларына сәйкес 83 ірі компанияға технологиялық аудит жүргізілген. Бұл олардың 2025 жылға дейін жаңа технологияға көшуге дайындығын бағалауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар ведомство басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы мен экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған өңірлік Жол карталарының жүзеге асырылу барысын таныстырды.

Министр геологиялық саланың жағдайы мен Ұлттық геологиялық қызметті құру жұмыстары туралы да баяндады.

Бұдан бөлек Серікқали Брекешев президентке су шаруашылығы инфрақұрылымының ахуалы, вегетациялық кезеңді өткізу, жаңа Су кодексі, сондай-ақ орман шаруашылығы мен жануарлар әлемінің жай-күйі жөнінде ақпарат берді.

Кездесу соңында мемлекет басшысы министрлікке экологиялық мәселелерді шешу, су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсарту және геологиялық саланы дамыту жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970278-ekologiya-geologiya-zane-tabigi-resurstar-ministri-prezidentke-esep-berdi/

pixel