Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото)
Опубликовано:

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі "Борт №1" Telegram-каналында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті суреттерін жариялады. Фотолар отыз жыл бұрын түсірілген.
"1992 жылы 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майордыңбірге түскен суреті. Париж", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл.
ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
Бүгінде еліміздегі бірқатар нысан ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен бөлек, Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі және тағы басқалары бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970445-prezidenttin-baspasoz-qyzmeti-toqaevtyn-30-zyl-buryngy-suretterin-korsetti-foto/