Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақпан айында қамалған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жұмысқа шықты

Опубликовано:

Ғалымжан Ниязов
Ғалымжан Ниязов. Фото: gov.kz

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қызметтік міндеттерін атқаруға кірісті. Бұл туралы InAktau.kz басылымына өңір әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство дерегінше, Ғалымжан Ниязов жұмысқа сейсенбі, 24 мамыр күні шыққан.

Ал шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпарат ақпан айының басында пайда болған еді. Ол өз лауазымдық құзіретін асыра пайдаланды, оның салдары ауыр зардапқа әкеліп соқты деген күдікке ілінген болатын.

Бастапқыда Ғалымжан Ниязовқа сот екі ай қамауда ұстау бұлтартпау шарасын қабылдаған. Бірақ ақпан айында оны үйқамаққа ауыстырды.

Басылым мәліметінше, осы айларда әкім орынбасары ақысыз демалыста болған. Сонымен қатар басылым Ниязовқа Энергетика министрлігіне хат жолдады, онда ол бағаның төменгі және жоғарғы шегіне шектеу қоймастан сұйытылған газ саудасын жүргізу туралы меморандумның күшін жоюды сұрады деп айыпталғанын атап өтті. Ол дәл осы шешім жанармай бағасының күрт өсуіне әкелді деп есептеген көрінеді.

Осы ретте маңғыстаулықтар шенеунікті қорғап, жақтастары Facebook желісінде топ ашып, 2 мыңнан аса адам жинаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970876-aqpan-aiynda-qamalgan-mangystau-oblysy-akiminin-orynbasary-zumysqa-syqty/

pixel