Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді
Опубликовано:

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Сәтқалиев президентке "Самұрық-Қазына" қорының биылғы төрт айда атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берді.
Ол президентке қордың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері мен осы жылға арналған болжамдар туралы баяндады. Берілген мәліметтерге сәйкес, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы қазіргі уақытта жоспарланған нәтижеге қол жеткізген.
Одан бөлек Алмасадам Сәтқалиев мемлекет басшысына маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, ірі инфрақұрылымдық нысандарға жүргізілген жөндеу жұмыстары, сондай-ақ қорға қарасты портфельді компаниялардың IPO-ға дайындығы жөнінде баяндады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1971671-toqaev-samuryq-qazyna-qorynyn-qyzmetine-qatysty-birqatar-tapsyrma-berdi/