Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді (видео)
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорда ресми Telegram-каналында.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді және жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1971799-toqaev-almaty-qalasyna-zumys-saparymen-keldi-video/