Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Ержан Тоқтархановты әріптестеріне таныстыру сәті
Ержан Тоқтархановты әріптестеріне таныстыру сәті. Фото: t.me/kgdmfrk

Ержан Тоқтарханов Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. Оны әріптестеріне Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы таныстырды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram арнасында.

Ержан Тоқтарханов 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономист және заңгер мамандығын меңгерген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 24 жылды құрайды.

1997 жылдан бастап Өскемен қаласы бойынша салық инспекторынан Салық комитетінің төрағасына дейінгі лауазымды қызметтерді атқарды.

Әр жылдары Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басқарма басшысы болып, Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын басқарған.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаментінің және Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972393-pavlodar-oblysy-boiynsa-memlekettik-kirister-departamentine-zana-bassy-tagaiyndaldy/

pixel