Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Мемлекеттік рәміздерімізді мазақ еткендерді қатаң жазалаған жөн

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: t.me/bort_01

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде мемлекеттік рәміздерімізді мазақ еткендері қатаң жазалау қажет екенін айтты. Бұл туралы Борт №1 Telegram арнасында хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздер елдігіміздің жарқын көрінісі, халқымыздың мақтанышы және абыройы екенін атап өтті. Сондай-ақ ол мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды қатаң жазалау қажет екенін айтты.

"Көк туымызды салтанатты түрде көтеріп, ата-бабамыздың даңқты дәстүрін жалғастырамыз. Желбіреген туымыз Тәуелсіздік мұраттарына адал болуға шақырып, ерекше жігер береді. Жаһандық экономикада өршіп келе жатқан сын-қатерлер мен бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс жағдайында біз мемлекеттілігімізді нығайту үшін күш-қуатымызды еселей түсуіміз керек.

Мемлекеттік рәміздерімізді мазақ етуге, қорлауға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Мұндай әрекеттерге барғандарды қатаң жазалаған жөн.

Біртұтас халық ретінде ұйыса отырып, біз кез келген қиындықты бірге жеңіп, әділетті, тиімді мемлекет құра аламыз, – деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972529-prezident-memlekettik-ramizderimizdi-mazaq-etkenderdi-qatan-zazalagan-zon/

pixel