Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі жөніндегі заңнаманы күшейту керектігін айтты

Опубликовано:

Көк ту
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі жөніндегі заңнаманы күшейту маңызды екенін айтты. Бұл туралы ол Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Бұл туралы Борт №1 Telegram арнасында хабарлады.

Президент еліміздің басты құндылықтарын құрметтеу – бәріміздің перзенттік парызымыз екеніне назар аударып, оған немқұрайлы қарайтындарға, қадір-қасиетін түсіретіндерге біржола тосқауыл қою қажеттігін айтты.

"Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі жөніндегі заңнаманы күшейту маңызды. Сонымен бірге, жастармен жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізген жөн. Бұл – бүкіл қоғамның міндеті. Халқымыз тарихи таңдауын жасайтын сәтте алып байрағымыздың көкте желбіреуін жақсы ырымға балаймыз", – деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген ол мемлекеттік рәміздерімізді мазақ еткендерді қатаң жазалаған жөн деген мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972531-toqaev-memlekettik-ramizderdi-paidalanu-tartibi-zonindegi-zannamany-kuseitu-kerektigin-aitty/

pixel