Тоқаев әскерилердің өлім себебін анықтау үшін арнайы комиссия құруды тапсырды
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударды. Бұл туралы Борт №1 Telegram арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды.
Осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатын болады", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Еске сала кетейік, бүгін президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген ол мемлекеттік рәміздерімізді мазақ еткендерді қатаң жазалаған жөн деген мәлімдеме жасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972551-toqaev-askerilerdin-olim-sebebin-anyqtau-usin-arnaiy-komissiya-qurudy-tapsyrdy/