Әлихан Смайылов референдумда дауыс берді
Опубликовано:

Премьер-министр Әлихан Смайылов референдумда дауыс берді, деп хабарлайды primeminister.kz.
"Бүгін, 5 маусымда, Қазақстан респубикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты", - делінген хабарламада.
Үкімет басшысы Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Еске сала кетейік, бұған дейін орталық референдум комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман брифингте Қазақстанның барлық облысындағы референдум учаскелерінде дауыс беру басталғанын хабарлаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972576-alixan-smaiylov-referendumda-dauys-berdi/