Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан және Алматы әкімдері референдумда дауыс берді

Опубликовано:

Ерболат Досаев
Фото: t.me/almaty_akimat

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдері референдумда дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы қаласының әкімі сайлау учаскесіне әйелімен бірге таңғы сағат 7-де алғашқылардың бірі болып келген.

Олар Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде орналасқан №358 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бұл туралы "Алматы әкімдігінің жаңалықтары" Telegram-каналы хабарлады.

"Бүгін біздің мемлекетіміз үшін және оның азаматы ретінде мен үшін өте маңызды күн Бүгін еліміз өзінің болашағын айқындайды. Мен сайлау учаскесіне еліміздің болашағы, мемлекеттің бейбітшілігі мен гүлденуі, Алматы мен қала тұрғындарының бірлік-берекесі үшін дауыс беруге келдім", - деді Ерболат Досаев.

Алтай Көлгінов
Алтай Көлгінов. Фото: t.me/referendum2022_kz

Сонымен қатар елорда әкімі Алтай Көлгінов референдумда өз дауысын берді. Бұл туралы "Referendum-2022.kz" ресми Telegram каналы хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972578-nur-sultan-zane-almaty-akimderi-referendumda-dauys-berdi/

pixel