Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді

Опубликовано:

мемлекет басшысы
Фото: REFERENDUM2022.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Referendum2022.kz ресми Telegram-каналы.

Мемлекет басшысы елордалық оқушылар сарайында орналасқан №59 сайлау учаскесінде дауыс берген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдері референдумда дауыс бергенін жазған едік.

Сонымен қатар Орталық референдум комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман брифингте Қазақстанның барлық облысындағы референдум учаскелерінде дауыс беру басталғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта дауыс беру 9 964 референдум учаскесінде өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972580-qasym-zomart-toqaev-referendumda-dauys-berdi/

pixel