Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Референдум: Сенат және мәжіліс төрағалары сайлау учаскесіне келді (фото)

Опубликовано:

сенат спикері
Мәулен Әшімбаев. Фото: t.me/referendum2022_kz

Қазақстан парламенті сенаты мен мәжілісінің спикерлері Мәулен Әшімбаев пен Ерлан Қошанов референдумда өз дауыстарын берді. Бұл туралы "Referendum2022.kz" ресми Telegram каналы хабарлады .

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан республикасы Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Қошанов
Ерлан Қошанов. Фото: t.me/referendum2022_kz

Ал мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов "Қазақстан темір жолы" ғимаратында ашылған учаскеге келіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістерге дауыс берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдері референдумда дауыс бергенін жазған едік.

Сонымен қатар Орталық референдум комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман брифингте Қазақстанның барлық облысындағы референдум учаскелерінде дауыс беру басталғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта дауыс беру 9 964 референдум учаскесінде өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972586-referendum-senat-zane-mazilis-toragalary-sailau-ucaskesine-keldi-foto/

pixel