Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Қайырбек Сүлейменовті қабылдады

Опубликовано:

Қайырбек Сүлейменов пен Қасым-Жомарт Тоқаев
Қайырбек Сүлейменов пен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері және ішкі істер органдарының ардагері Қайырбек Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Қайырбек Сүлейменов елімізде жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформаларды жүзеге асыру аясында құқық қорғау жүйесі мен азаматтық қоғамды одан әрі дамытудың келешегі туралы ой-пікірін айтты.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 20.00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өткен референдумның қорытындысы бойынша республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972850-memleket-bassysy-qaiyrbek-suleimenovti-qabyldady/

pixel