Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Мемлекеттік қызмет – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл туралы президент референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекеттік аппаратты жаңғыртып, бюрократиядан барынша арылту үшін жүйелі жұмыс жалғасады. Біз қоғамның барлық өкілдерінің талап-тілектеріне жауап беретін озық мемлекет құруымыз керек. Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады.

Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуға тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі.

Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек.

Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз", - дейді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972860-prezident-memlekettik-qyzmet-zeke-bastyn-baq-dauletin-arttyratyn-zer-emes/

pixel