Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыркүйек айында елімізді дамытуға қатысты нақты шешімдер жария етілмек

Опубликовано:

Көк ту
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қыркүйек айында елімізді дамытуға қатысты нақты шешімдер жария етілмек. Бұл туралы президент 5 маусымда өткен референдумның қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты, деп хабаралайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз. Құқықтық реформа аясында Конституциялық сот қайта құрылады. Оның қаулыларына жедел әрекет ету тетігін енгізу қажет. Сонда азаматтарымыз осы аса маңызды институт қызметінің пайдасын сезіне алады.

Жаңа, Әділетті Қазақстанда полицейлердің озбырлығына, біліксіз прокурорлар мен біржақты судьяларға жол берілмейді. Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінің шын мәнінде өзгергенін қалайды.

Мен елімізді дамытудың осы және басқа да мәселелері бойынша нақты шешімдерді қыркүйек айында өтетін парламенттің кезекті сессиясының ашылуында айтамын", - дейді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972868-qyrkuiek-aiynda-elimizdi-damytuga-qatysty-naqty-sesimder-zariya-etilmek/

pixel