Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өткен референдумның қорытындысы жарияланды

Опубликовано:

Сайлау
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 7 маусымда Орталық референдум комиссиясы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша осы жексенбіде Қазақстанда өткен республикалық референдумның қорытындысын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ОРК дерегінше, референдумға дауыс беруге 7 985 769 қазақстандық қатысқан. Азаматтар келесідей дауыс берген:

  • 77,18 пайызы немесе 6,1 млн адам енгізілетін түзетулерді қолдаған;
  • 18,66 пайызы немесе 1,4 млн сайлаушы қарсы дауыс берген;
  • 1,58 пайызы немесе 125 859 азамат екі нұсқаны да таңдаған;
  • бюллетеньдердің 2,58 пайызы немесе 205 924-і жарамсыз деп танылған.

Референдумға сайлау құқығына ие халықтың 68,05 пайызы қатысқан.

"Осылайша, "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31 және 34-баптары негізінде еліміздің негізгі заңына ұсынылып отырған өзгерістер қабылданды деп есептеледі", - деді ОРК басшысы Нұрлан Әбдіров.

Оның сөзінше, Конституцияға референдумда қабылданған өзгертулер мен толықтырулар референдум қорытындысы туралы ресми мәлімет жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

Еске сала кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 5 маусымда өткен референдумның қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеу жасаған болатын.

Өз үндеуінде президент дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өткенін, ешқандай мәжбүрлік болмағанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972973-elimizde-otken-referendumnyn-qorytyndysy-zariyalandy/

pixel