Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шешім бар": Аймағамбетов өзі басқаратын министрлікті екіге бөлуге қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, қазіргі уақытта шешім қабылданып қойған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігін бөлу туралы шешім қабылданғанын айтты.

"Бәріңіз шешімді естіген боларсыздар. Шешім бар, ол айтылды және тиісінше қабылданды. Енді осы шешімнің орындалу жағын ойлау қажет және бұл шешім тиімді әрі дұрыс орындалуы тиіс.

Бұдан білім және ғылым жүйесі ұтуы керек. Сондықтан осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қазір ең басты міндет - бұл шешімді дұрыс әрі тиімді жүзеге асыру", - деді ол.

Сонымен қатар министр шешімді орындауда білім және ғылым жүйесінің тиімділігі маңызды екенін атап өтті.

"Тиісті шешімді кім қабылдайтынын нақты реттейтін заңнама бар. Бұл жағдайда үкімет және ел басшылығы деңгейінде осы министрліктерді құрудың құрылымы, нақты дизайны туралы шешім қабылданады.

Сондықтан, тиісті деңгейде шешім қабылданып және бұның барлығы жарияланады деп ойлаймын", – деп сөзін қорытындылады министр.

Еске сала кетейік, Білім және ғылым министрлігін бөлу туралы ұсынсты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972976-sesim-bar-aimagambetov-ozi-basqaratyn-ministrlikti-ekige-boluge-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel