Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру": Президент Наталья Годуноваға тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Наталья Годунова
Қасым-Жомарт Тоқаев және Наталья Годунова. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ведомство басшысы президентке Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берді.

Аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылған. Сондай-ақ Ұлттық қордан әр түрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Наталья Годуноваға Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973034-esep-komitetin-zogary-auditorlyq-palata-retinde-qaita-quru-prezident-natalya-godunova-tapsyrma-berdi/

pixel