Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк төрағасы Тоқаевқа ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты

Опубликовано:

Президент және Ғалымжан Пірматов
Қасым-Жомарт Тоқаев және Ғалымжан Пірматов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ғалымжан Пірматов президентке Ұлттық банктің 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берді.

Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияға қатысты болжам және оның қарқыны, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берді.

Одан бөлек Ғалымжан Пірматов мемлекет басшысына мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы мен ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға, инфляцияны ұстап тұруға және қор нарығының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Айта кетейік, бұған дейін Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова президентке есеп берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973041-ulttyq-bank-toragasy-prezidentke-ulttyq-tolem-zuiesin-odan-ari-damytu-zoninde-usynystaryn-aitty/

pixel