Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елден заңсыз жолмен шығарылған қаржыны қайтару үшін құрылған комиссияның құрамына кімдер кірді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: pixabay.com

Президент жарлығымен елден заңсыз жолмен шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау, оларды мемлекетке қайтару мақсатында ведомствоаралық комиссия құрылған болатын. Осы орайда "Әділет" порталы комиссияның құрамына кімдер кіргенін жария етті.

Айта кетейік, ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының жарлығымен 5 маусымда құрылған болатын. Оған еліміздің Бас прокуроры жетекшілік етеді. Одан бөлек комиссия құрамында:

  • Бас прокурордың орынбасары, төраға орынбасары;
  • Ұлттық банктің төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі;
  • Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі;
  • "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;
  • Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрі бар.

Жарлыққа сәйкес, ведомствоаралық комиссия атқарылған жұмыс туралы екі аптада бір рет мемлекет басшысына баяндама жасайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973161-elden-zansyz-zolmen-sygarylgan-qarzyny-qaitaru-usin-qurylgan-komissiyanyn-quramyna-kimder-kirdi/

pixel