Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жандос Өмірәлиев Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Жандос Өмірәлиев
Жандос Өмірәлиев. Фото: БҚО прокуратурасының ресми сайты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген президент қол қойған құжатта.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылған.

Жандос Өмірәлиев 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы аудан прокурорының көмекшісінен бастап, осы салада үздіксіз 18 жылдан астам қызмет атқарып келеді.

Ақтөбе облысы прокуратурасы және Батыс аймақтық көлік прокуратурасында басшы лауазымдарды атқарған.

2010-2011 жылдары Заңдылық, құқықтық тәртіп және қылмыспен күрес жөніндегі Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесінің хатшысы - Бас прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі көмекшісі болған.

2011-2017 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық даму департаментінің бастығы және Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының прокуроры болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973176-zandos-omiraliev-bas-prokurordyn-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel