Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтетін күн белгілі болды

Опубликовано:

офис
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Telegram-каналында ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы қашан өтетінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қариннің сөзінше, құрылтай 16 маусым күні өтеді деп жоспарланып отыр.

"Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтеді", - деді Ерлан Қарин.

Осы орайда мемлекеттік хатшы ұлттық құрылтайдың құрамы туралы ақпарат берді.

"Аталған консультативтік-кеңесші органның құрамына парламент депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері кіреді", - деді ол.

Ерлан Қаринның айтуынша, ұлттық құрылтайдың ең маңызды міндеттерінің бірі – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту бойынша идеялар ұсынып, қадамдар жасау.

Айта кетейік, 6 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлытауда өтетінін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973226-ulttyq-quryltaidyn-algasqy-otyrysynyn-otetin-orny-men-uaqyty-belgili-boldy/

pixel