Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын ауыстырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дәулет Оспанов "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Нұрлан Қапанұлы Алдияров "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін президенттің өкімімен Әли Алтынбаевтың Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973336-toqaev-batys-onirlik-qolbassylygy-askerlerinin-qolbassysyn-auystyrdy/

pixel