Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат спикері: Нұрсұлтан Назарбаев елдегі саясатқа араласып отырған жоқ

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев палата кулуарында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ел саясатына араласып отыр ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәулен Әшімбев Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі уақытта мемлекет саясатына араласпайтынын жеткізді.

"Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясатқа араласып отырған жоқ. Барлық мәселе заңда көрсетілгендей шешіліп жатыр. Конституцияға байланысты президент құқықтары бар. Қасым-Жомарт Кемелұлы сол құқықтардың барлығын жүзеге асыруда.

Үкіметтің, сенаттың, мәжілістің құқықтары бар. Солардың бәрін заң жүзінде іске асырып жатырмыз.

Нұрсұлтан Әбішұлы референдумда Қазақстан азаматы ретінде өз дауысын берді. Ол - әрбір азаматтың құқығы. Бірақ саясаткер ретінде, тұңғыш президент ретінде ол кісі қазір Қазақстанның саясатына араласып отырған жоқ. Ол кісімен ақылдаспаймыз", - дейді сенат сипкері.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев қазіргі уақытта биліктің барлық тармағы, барлық мемлекеттік орган өз құзіреттерін заңға сәйкес жүргізіп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973364-senat-spikeri-nursultan-nazarbaev-eldegi-sayasatqa-aralasyp-otyrgan-zoq/

pixel