Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда АЭС құрылысы үшін қай өңір таңдалғаны белгілі болды

Опубликовано:

АЭС
Көрнекі фото: pixabay.com

Энергетика министрлігінің басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының кулуарында ведомствоаралық комиссия Қазақстанда АЭС салу үшін қай өңірді таңдағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгінгі отырыс барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС орналасатын өңір бойынша шешім қабылданғанын мәлімдеген еді. Осы ретте энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы дәл қай жерде орналасатынын айтты.

"Біз өңір таңдау бойынша ведомствоаралық комиссия құрдық. Бұл Балқаш өңірі. Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңайы.

Орналасу аймағын анықтадық, енді мен бұған дейін бірнеше рет айтқанымдай, су, экология, геологиямен байланысты ерекшеліктерді зерттеуді аяғына дейін жеткізу керек. Осыдан кейін нақты координаттар белгілі болады.

Содан кейін оларға есептеулер жүргізіледі. Бірақ есептеу жүргізу үшін технологияны анықтау қажет, оны келесі жылы анықтаймыз", - деді министр.

Ол бұл жер геологиялық талаптар, су ресурстары, климаттық жағдайлар, сондай-ақ ұлттық электр желілеріне дейінгі қашықтық негізінде таңдалғанын атап өтті.

"Бұл аймақ Кеңес Одағы кезінде де ықтимал нүктелердің бірі ретінде қарастырылған" , - деді Ақшолақов.

Министрдің айтуынша, технологияларды таңдаудан бастап АЭС құрылысына дейінгі мерзім шамамен 10 жылға созылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973429-qazaqstanda-aes-qurylysy-usin-qai-onir-tandalgany-belgili-boldy/

pixel