Марат Шоранов денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
Опубликовано:

Үкімет қаулысымен Марат Едігеұлы Шоранов басқа жұмысқа ауысуына байланысты денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Айта кетейік, Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.
2013-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.
2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған.
2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973512-marat-soranov-densaulyq-saqtau-birinsi-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/