Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жақып Асанов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жақып Асанов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов сот жүйесінің қазіргі даму барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Жақып Асанов азаматтық дауларды сотқа жеткізбей шешу мәселесі жөнінде айтып, соңғы 3 жылда Жоғарғы Соттың осы бағытта жүзеге асырған жобалары туралы есеп берді.

Оның айтуынша, бұрын істердің тек 2-3 пайызы ғана татуласумен аяқталса, қазір бұл көрсеткіш 37 пайызға жеткен. 2018 жылға дейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша бір жылда орта есеппен 23 адам ақталса, соңғы 4 жылда 160-тан астам азамат кінәсіз деп танылған. Яғни, көрсеткіш 7 есеге артқан.

Президентке мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік юстиция туралы айтылды. Былтырғы 1 шілдеге дейін азаматтар мен кәсіпкерлер қаралған істердің 85 пайызы бойынша мемлекеттік органдардан жеңілетін. Қазіргі таңда істердің 55 пайызы кәсіпкерлер мен азаматтардың пайдасына шешіледі.

Кездесуде сот кадрларының сапасын жақсарту, азаматтардың сотта қорғалуын күшейту, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және басқа да міндеттер туралы айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973594-prezident-zogargy-sot-toragasy-zaqyp-asanovty-qabyldady/

pixel