Жаңа облыс әкімдігі Талдықорғандағы Салтанат сарайына көшетін болды

Опубликовано:

Салтанат сарайы
Фото: facebook.com/ZhetysuPress

Жетісу облысының әкімдігі уақытша Талдықорғандағы Салтанат сарайының ғимаратына көшпек. Бұл туралы Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жетісу облысының әкімдігі облыстық әкімдік ғимаратын жөндеу жұмыстары аяқталмайынша уақытша Салтанат сарайында орналасады. Ал жөндеу жұмыстарын осы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Анықталғандай, қаңтар оқиғаларынан кейін облыстық әкімдік қызмткерлері Талдықорған әкімшілігінің ғимаратына көшкен.

Салтанат сарайы жұмыс күндері бос тұрғандықтан, әкімшілікті уақытша орналастыратын орын ретінде таңдалған. Онда шаралар жұма мен жексенбі аралығында өтеді. Неке әзірге бұрынғы АХАЖ-да қиылады. Ал салтанатты шаралар Бикен Римова атындағы театрда өтеді.

Салтанат сарайы
Фото: facebook.com/ZhetysuPress

Еске салайық, Салтанат сарайы 2017 жылдың қараша айында ашылған еді. Нысанның сметалық құны 1 млрд теңгеден асқан болатын. Ғимараттың жалпы ауданы 3531,5 шаршы метрді құрайды.

Бірегей кешен тек АХАЖ функцияларын ғана атқармайды, оның қабырғасында басқа да маңызды іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973597-zana-oblys-akimdigi-taldyqorgandagy-saltanat-saraiyna-kosetin-boldy/

jitsu gif