Қазақстанның білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді
Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, оқу-ағарту министрлігі және ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Президент мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында білім және ғылым министрлігін екіге бөлуді тапсырды.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіне;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
Сонымен қатар президент емлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгілеуді тапсырды.
Жарлық қол қойылған күннен бастап заңдық күшіне енеді. Жарлықтың толық мәтінімен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973674-bilim-zane-gylym-ministrligi-ekige-bolindi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.