Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болды

Опубликовано:

Бейбіт Исабаев
Фото: Ақорда

Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт Исабаев тағайындалды. Мемлекет басшысы бүгін тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын", - делінген жарлықта.

Өңір басшысы қызметіне екі кандидат Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев пен сенатор Бейбіт Исабаев ұсынылды. Халық қалаулыларының басым дауысына сенатор Бейбіт Исабаев ие болды. Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.

Білімі 1985 жылы С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын халықаралық маман деген мамандық бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1985-1987 жылдары – Қазақ ССР-ның теле-радио көрсетілім жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы.

1987-1991 жылдары - "Лениншіл Жас" республикалық газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі.

1991-1994 жылдары - "Өркен", "Горизонт" газеттері редакторының орынбасары, редакторы.

1994-1995 жылдары - Қазақ мемлекеттік телевидениясының бас директоры, Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары, басшысы, Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат комитетінің төрағасы.

1995-1997 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының тыңдаушысы.

1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі әкімшілігі департаментінің директоры.

2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2002-2003 жылдары - "Орта Азиялық ынтымақтастық" ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық үйлестіруші.

2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі және Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін қоса атқарған.

2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хытшысы.

2009-2015 жылдары - Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2015-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

2019 жылы Қазақстан Республикасы президентінің парламенттегі өкілдігі басшысы қызметін атқарды.

2022 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасы сенатының депутаты болды.

Айта кетейік, президенттің жарлығымен 11 маусым күні Ұлытау облысының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымды орынға Берік Әбдіғалиұлы келді.

Ал Алматы облысының жаңа әкімі болып Марат Сұлтанғазиев тағайындалды. Бұл қызметте оған дейін болған Қанат Бозымбаев жұмысының ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Абай облысының басшылығына Нұрлан Ұранхаев келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973680-beibit-isabaev-zetisu-oblysynyn-akimi-boldy/

pixel