Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазиев өз еркімен қызметінен кетті

Опубликовано:

Қуат Сұлтанғазиев
Фото: Facebook/Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі өз еркімен жұмыстан кетті. Қуат Сұлтанғазиев бұл шешімді ағасының облыс басшысы болып тағайындалуына байланысты қабылдаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

11 маусым күні Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.

Бұл жаңалықтан кейін аталмыш облыста Еңбекшіқазақ аудандын басқарып отырған бауырының өз еркімен қызметінен кеткені белгілі болды.

"Алматы облысының әкімі болып Марат Сұлтанғазиевтің тағайындалуына байланысты Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазив өз өтініші бойынша қызметінен босатылды", - делінген өңірлік әкімдіктің ресми Facebook парақшасында.

Айта кетейік, президенттің жарлығымен 11 маусым күні Ұлытау облысының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымды орынға Берік Әбдіғалиұлы келді.

Ал Алматы облысының жаңа әкімі болып Марат Сұлтанғазиев тағайындалды. Бұл қызметте оған дейін болған Қанат Бозымбаев жұмысының ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Абай облысының басшылығына Нұрлан Ұранхаев келді.

Жаңадан құрылған Жетісу облысын Бейбіт Исабаев басқаратын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973684-enbeksiqazaq-audanynyn-akimi-quat-sultangaziev-oz-erkimen-qyzmetinen-ketti/

pixel