Осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаев Иранға ресми сапармен барады
Опубликовано:

Ақорданың баспасөз қызметі Telegram арнасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс кестесін жариялады.
Ақорданың мәліметінше, маусымның 16-ы күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады.
Ал 17 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады.
Мемлекет басшысы Форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.
Сонымен бірге 19 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады.
Тегеранда жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізу және бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973792-osy-aptada-qasym-zomart-toqaev-iranga-resmi-saparmen-barady/