Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев пен Путин кездесті

Опубликовано:

Назарбаев пен Путин
Фото: Elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш президенті мен Ресей Федерациясының президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді.

Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973834-nazarbaev-pen-putin-kezdesti/

pixel