Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент кеңсесінің бастығы Қазақстанның Германиядағы жаңа елшісі болып тағайындалды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: Pixabay.com

Еліміздің Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті жаңа елшісі тағайындалды деп, хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы президенті кеңсесінің бастығы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ президент жарлығымен бұған дейін Қазақстанның Германиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Дәурен Кәріпов лауазымынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973870-nurlan-onzanov-qazaqstannyn-germaniya-zana-elsisi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel