Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Жәмішев Тоқаевқа "Қазақстан халқына" қорының атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев/Болат Жәмішев
Қасым-Жомарт Тоқаев/Болат Жәмішев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Болат Жәмішев президентке қордың азаматтарға көрсеткен көмегі жайында, сондай-ақ қайырымдылық қызметті ұйымдастыру жолдары жөнінде ақпарат берді.

Жәмішевтің айтуынша, қазіргі таңда қор 10 қайырымдылық бағдарлама мен жобаны жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, олардың сегізі медициналық көмек көрсетуге, біреуі ауыл балалары үшін спорт саласындағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталса, тағы бірі ауылдық жерлерден шыққан талапкерлер мен аз қамтылған отбасылардың студент балаларына білім гранттарын беруді қарастырады.

Кездеу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қордың мақсатты бағыттарын анықтауға қоғам мен қоғамдық институттарды белсенді түрде тарту қажет екеніне баса мән берді.

Жәмішевтің сөзінше, қор жаңадан толықтырылған тұжырымдаманы және қайырымдылық бағытындағы бағдарламалар мен жобалар әзірлеуді де қолға алған. Бұл жұмысқа коммерциялық емес сектордың өкілдері, мәслихат депутаттары, қор меценаттары болып табылатын бизнес өкілдері мен сарапшылар кеңінен тартылады.

Сондай-ақ Болат Жәмішев барлық атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат қоғам назарына ұсынылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, қыркүйек айында өтетін Ұлттық қайырымдылық конференциясы осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстың қорытынды есебі болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973910-bolat-zamisev-qazaqstan-xalqyna-qorynyn-atqaryp-zatqan-zumystary-turaly-esep-berdi/

pixel