Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа тағайындалған министр Саясат Нұрбек салтанатты түрде ант берді (видео)

Опубликовано:

Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек ант беруде. Видеодан кадр: t.me/KZgovernment

Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалған Саясат Нұрбек үкімет отырысында салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Саясат Нұрбектің ант берген сәті үкіметтің Telegram каналында жарияланды.

"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным Қазақстан республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін, ант етемін!", - деді Саясат Нұрбек.

Еске сала кетейік, 11 маусымда мемлекет басшысының жарлығымен білім және ғылым министрлігі ресми түрде екіге бөлініп, елімізде оқу-ағарту министрлігі мен ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды.

Ғылым және жоғары білім министрі болып Саясат Нұрбек тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973998-sayasat-nurbek-saltanatty-turde-ant-berdi-video/

pixel