Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Опубликовано:

Парламент
Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды parlam.kz.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 20 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.  

Парламент палаталарының бұған дейінгі бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 наурызда өткен болатын. Сол кезде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасаған еді.

Айта кетейік, ертең, 16 маусымда Ұлытау облысында Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы өтеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974137-20-mausymda-parlament-palatalarynyn-birlesken-otyrysy-otedi/

pixel