Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс Саясат Нұрбек пен Берік Әбдіғалиұлының депутат ретіндегі өкілеттігін тоқтатты

Опубликовано:

Мәжіліс
Көрнекі фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Саясат Нұрбек пен Берік Әбдіғалиұлының депутат ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған мәселені ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов көтерді. Ол президент жарлығымен Саясат Нұрбектің Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалғанын еске салды.

"Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, мәжіліс депутаты Саясат Нұрбектің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр", - деді Өтемісов.

Мәжілісмендер ұсынысты бірауыздан қолдаған.

Сонымен қатар президент жарлығымен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалған Берік Әбдіғалиұлының да депутат ретінде өкілеттігі тоқтатылды. Орталық сайлау комиссиясының ұсынысын депутаттар бірауыздан қолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974154-mazilis-sayasat-nurbektin-deputat-retindegi-okilettigin-toqtatty/

pixel