Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстаннан кету туралы ұсыныс жасалған

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде өзіне ұшаққа немесе тікұшаққа отырып, Қазақстаннан кетуді ұсынғандар болғанын айтты.

РИА Новости дерегінше, "Россия 24" телеарнасы бүгін таңертең Қазақстан президентінің күндіз көрсетілетін сұхбатының анонсын жариялаған.

Видеода Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар оқиғасы кезінде Нұр-Сұлтандағы өз резиденциясында болғаны, өзіне ұсыныстар түскенімен, елден кетуді жөн санамағаны айтылады.

"Барлық төңкерістің мақсаты, айталық, басқа адамдардың билікке келуі. Маған келетін болсақ, мен сол күндері осында, президент резиденциясының ғимаратында болдым, ешқайда бармадым. Сонымен бірге мен осында түнедім", - деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, ол жаппай тәртіпсіздік басталған кезден-ақ астанадан кетпейтінін мәлімдеген.

"Менің кейбір "жолдастарым" ұшаққа немесе тікұшаққа отырып, Қазақстаннан кетуді ұсынды. Қандай жағдай болмасын мен мұны жоспарлаған жоқпын. Соңына дейін осында болуым керек деп есептедім", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974180-qantar-oqigasy-kezinde-qasym-zomart-toqaevqa-qazaqstannan-ketu-turaly-usynys-zasalgan/

pixel