Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына келді (видео)
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорда ресми Telegram-каналында.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевты өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек күтіп алған.
Бұл сапар барысында мемлекет басшысы Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспармен танысады.
Сондай-ақ түстен кейін президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.
Айта кетейік, 14 маусымда мемлекет басшысының жарлығымен президент жанындағы ұлттық құрылтай құрылды. Ұлттық құрылтайдың міндеті мен оның құрамына кімдер кіргені де белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974333-toqaev-zanadan-qurylgan-ulytau-oblysyna-zumys-saparymen-keldi-video/