Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын қолдаймыз

Опубликовано:

Колледж студенттері
Көрнекі фото: pexels.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайға барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері қатысып отырғанын хабарлады, деп жазады Ақорда Telegram арнасында.

"Енді, Ұлттық құрылтайдың жұмысын ұйымдастыру мәселесіне тоқталсам. Оның құрамында 117 адам бар. Құрылтайға барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері қатысып отыр. Біз көпті көрген ел ағаларының ақыл-кеңесіне жүгінеміз. Белсенді азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесін ескереміз. Жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын қолдаймыз", - деді президент.

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңадан құрылған Ұлытау облысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы басталғанын жазған едік.

Жиын барысында президент Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтынын, бұл - бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі әрі ұзақ үдеріс екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974403-toqaev-zanasa-oilaityn-zastardyn-tyn-ideyalaryn-qoldaimyz/

pixel