Тоқаев "Жошы хан" кесенесіне барып, зиярат етті (видео)
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жошы хан" кесенесіне барды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-каналында хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне барды. Мемлекет басшысы Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі "Жошы хан" кесенесіне зиярат етті", - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келгенін хабарлаған едік.
Кейінірек Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының даму перспективаларымен танысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974404-toqaev-zosy-xan-kesenesine-baryp-ziyarat-etti-video/