Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халықтың ашуын түсінуге болады": Тоқаев тағы бір мәселені көтерді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қазақстанда мекемеаралық комиссия құрылатынын жеткізді. Оның міндеті – шетелге заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Азаматтарымыз саяси қолдауға ие болған кейбір адамдардың шектен тыс байып кететініне наразы. Оған қоса, олар байлықтарының қомақты бөлігін шетел асырып әкеткен. Халықтың ашуын түсінуге болады.

Сондықтан, менің жарлығыммен арнаулы мекемеаралық комиссия құрылды. Комиссияның міндеті – шетелге заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару.

Бұл – өте күрделі жұмыс, ұзаққа созылуы мүмкін. Себебі, көптеген заңдық процедурадан өту керек. Бірақ біз қалай болса да, бұл мәселемен мұқият айналысуымыз қажет. Әйтпесе, әділетті қоғам туралы сөз қозғаудың өзі қиын болады", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974444-xalyqtyn-asuyn-tusinuge-bolady-toqaev-tagy-bir-maseleni-koterdi/

pixel